Клуб жаңалықтары

3 June, 08:45

ТУҒАН КҮНІҢІЗБЕН, ПЕТР МӘУЛЕНҰЛЫ!

Бүгін қарағандылық «Шахтер» командасының аңызы, КСРО спорт шебері, клубтың бұрынғы қорғаушысы әрі капитаны Петр Мәуленұлы Асылбаевтың туған күні!

Петр Мәуленұлы – Қарағанды футболының ең жарқын тұлғаларының бірі, «Шахтер» клубының тарихында өшпес із қалдырған азамат. Ол футболшы ретінде ғана емес, бапкер, басшы және тәлімгер ретінде де клубтың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзінің кәсібилігімен, еңбекқорлығымен және клубқа деген адалдығымен бірнеше буын футболшыларға үлгі болды.

Петр Мәуленұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке және толағай табыстар тілейміз. Қарағанды футболының дамуына қосқан еңбегіңіз бен клуб тарихындағы ерекше орныңыз үшін алғысымыз шексіз!

 

Наверх