«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға шыққандар: Асхат Амангельды, Никита Герасимов, Алияр Калиев, Алишер Канат (к), Биржан Мажит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Алдияр Кокубаев, Нуржан Мухатай, Ерали Ермек, Адиль Жайлеубай.
Кездесу тең дәрежеде өтті — екі команда да жеңіске жетуге мүмкіндік алды. «Шахтер» U-15 құрамында әдеттегідей Вячеслав Чистяков пен Алияр Калиев белсенді ойындарымен көзге түсті. Қақпашы Асхат Амангельды сенімді ойнап, бірнеше рет командасын құтқарып қалды.
Екінші таймның соңында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Роман Азарян есеп ашуға тамаша мүмкіндік алды, алайда оның соққысы әлсіз болып, қақпашының қолына дәл барды.
Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл — Игорь Юрьевич Маштаковтың шәкірттері үшін сырт алаңдағы жақсы нәтиже.

Шахтёр
Экибастуз
