Клуб жаңалықтары

21 June, 10:05

ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АНДРЕЙ ЮРЬЕВИЧ!

Бүгін «Шахтер» футбол клубының бас бапкері, клубымыз бен қазақстандық футболдың аңыз тұлғаларының бірі Андрей Юрьевич Финонченко туған күнін атап өтуде.

Андрей Юрьевич – өз ісінің нағыз маманы, жоғары кәсібилігімен, адамгершілік қасиеттерімен және футболға деген адалдығымен көпшілікке үлгі бола білген тұлға. Қазақстан футболының дамуына қосқан зор үлесіңіз, «Шахтер» клубына деген адалдығыңыз бен жанкешті еңбегіңіз жанкүйерлер мен жас футболшылар үшін әрдайым өнеге.

Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр және бапкерлік қызметіңізде толағай табыстар тілейміз! Командамызбен бірге биік белестерді бағындырып, маңызды жеңістерге жетіп, шәкірттеріңізбен талай жарқын жетістіктердің куәсі бола беруіңізге тілектеспіз. Алдағы уақытта да қазақ футболының өркендеуіне өз үлесіңізді қоса беріңіз.

Жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер серігіңіз болсын!

Наверх