Клуб жаңалықтары

19 June, 21:13

«ШАХТЕР» КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АНДРЕЙ ЮРЬЕВИЧ ФИНОНЧЕНКОНЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

— Барша команданы және жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын! Бүгін жігіттер тамаша ойын көрсетті, матчқа берілген тапсырманы толық орындады. «Жайықтың» қорғаныста төмен блокпен ойнайтынын білдік, сондықтан апта бойы дәл осы ойынға жан-жақты дайындалдық.

Бірінші таймда гол соғу өте маңызды болды. Біз бұл міндетті орындап қана қоймай, үзіліске екі голдық басымдықпен шықтық. Соңғы матчтарда голдық сәттерді жүзеге асыру жағынан қиындықтар болған еді: мүмкіндік көп жасағанымызбен, оларды толық пайдалана алмадық. Бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз.

3:0 есебіндегі жеңіс – сенімді нәтиже. Енді алға қарай жылжимыз. Сондай-ақ стадиондағы атмосфераны ерекше атап өткім келеді. Кешкі уақытта ойнау әрқашан жағымды: ауа райы салқындау болады, ал жұмыс күні болса да, жанкүйерлердің жұмыстан кейін келіп, команданы қолдауға мүмкіндігі туды. Бізді қолдауға келген барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін!

Наверх