Жаңалықтары академия

22 February, 16:18

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ШАҚЫРТУ!

«Шахтер» әйелдер командасының ойыншысы Саида Дюсембаева 23 ақпан мен 8 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан әйелдер құрамасының WU-17 оқу-жаттығу жиынына шақырту алды.

Өткен маусымда Саида QJ League W турнирінде 14 матч өткізіп, 8 гол соқты. Сонымен қатар, 2025 жылғы QJ League W додасының I және XIII турларының ең үздік голының авторы атанып, өзінің жоғары шеберлігі мен нәтижелілігін дәлелдеді.

Саида атап өткендей:

«Құрамаға шақырту — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – өз еліңнің намысын қорғап, өзіңді көрсетуге және жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік. Бапкерлер штабының сенімін ақтау үшін бар күшімді саламын».

Саидаға оқу-жаттығу жиынында сәттілік пен ұлттық құрама сапында жарқын ойын тілейміз!

Наверх