Клуб жаңалықтары

1 August, 14:48

РАФАИЛЬ ОСПАНОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

- Матч оңай болған жоқ. Манежде ауа өте қапырық болды, сондықтан ойнау қиынға соқты. Соған қарамастан, көңіл күйіміз керемет! Барша жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын! Бұл нәтижеге өте қуаныштымын. Ең бастысы, осы жеңістің арқасында турнир кестесінде көш басына шықтық.

Енді ең маңыздысы – босаңсымау және барынша жинақы болу. Біз әрбір ойынға тыңғылықты дайындаламыз және турнирлік кестедегі орнына қарамастан, кез келген қарсыласқа үлкен жауапкершілікпен қараймыз.

Бүгін «Тобыл-Ж» сапалы әрі жақсы ойын көрсетті. Ал біз әрбір ұпай үшін соңына дейін күресіп, алдымызға қойған мақсаттарға жету жолында бар күшімізді саламыз.

Наверх