Клуб жаңалықтары

6 August, 21:32

АНДРЕЙ ФИНОНЧЕНКОНЫҢ ОЙЫННАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

Бірінші лиганың 17-турындағы матчта футболдан «Шахтер» клубы өз алаңында «Каспийді» 1:0 есебімен жеңді.

- Қиындықты өзіміз жасап жатырмыз: көп мүмкіндік туғызамыз, бірақ оларды пайдалана алмай жүрміз. Гол соқпай ойнау қиын. Жігіттердің мінез көрсеткені қуантады. Бізге бұл жеңіс қажет болды, ойыншылар мұны түсінді. Нәтижесінде қажетті нәтижеге қол жеткізіп, матч соңында гол соқтық. Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын!

«Ақтөбе Жас» командасымен өтетін ойын туралы:

- Матчтың Орталық стадионда өтетініне қуаныштымын. Бұл стадиондағы атмосфера ең үздіктердің бірі. Ақтөбе — футбол қаласы, мұнда халық футболмен өмір сүреді. Сондықтан бұл матч та қызықты болмақ. Ойынға дайындаламыз.

 

Наверх