«Шахтер» U-17 командасы өз алаңында Тараз қаласының «Тараз» командасын қабылдады. Қарсыластың қақпасына 5 жауапсыз доп соғылды. Бұл матчта «кеншілер» құрамында гол соққандар: Рустам Сайфимилюков (12’, 46’), Меирлан Балтабаев (39’), Жанибек Жайлаубек (60’) және Кирилл Ермаков (83’). Келесі матчты «Шахтер» U-17 командасы 17 тамыз күні Алматыда жергілікті «Кайрат» командасына қарсы өткізеді.