Екінші лиганың 19 туры аясында қарағандылық «Шахтер» Ж командасы Астанадан келген «Жеңіс» Ж командасын 4:0 есебімен жеңді. Алаң иелері арасында гол соққандар: Асхат Мукушев (10'), Глеб Олейник (49'), Роман Асылбаев (53') және Даниял Таханов (89'). Келесі матчты жастар командасы 23 қыркүек күні Жезқазғанда «Ұлытау» Ж клубына қарсы өткізеді.