Клуб жаңалықтары

5 July, 09:37

МАКСИМ ГАЛКИННІҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

«Академия Оңтүстік» қақпасына алғашқы голдың авторы Максим Галкин матчтан кейінгі әсерімен бөлісті.

— Матчтан кейінгі көңіл-күй өте жақсы. Қатарынан екі сырт алаңдағы ойын өткіздік, сол кездесулерде жеңіске жету біз үшін аса маңызды болды. Гол соққаныма қуаныштымын, көптен бері гол соқпаған едім. Бірақ ең бастысы — команда алты ұпай жинады. Енді осы қарқынды сақтап, алдағы матчтарда да ұпай жинауды жалғастыруымыз керек.

Наверх