Жаңалықтары академия

26 July, 15:23

ИГОРЬ МАШТАКОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

QJ League турнирінің 12-туры аясында «Шахтёр» U-15 командасы өз алаңында «Тараз» U-15 командасын 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

- Барлық жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын! Бірінші таймда ойын тізгінін өз қолымызда ұстап, бірнеше жақсы голдық мүмкіндік жасадық. Алайда оларды тиімді пайдалана алмадық. Гол соғу сәттерін жүзеге асыру мәселесі – әлі де жұмыс істеуді қажет ететін тұсымыз.

Үзілістен кейін қарсылас екінші таймды өте белсенді бастап, алғашқы он минутта басымдық танытты. Бірақ біздің жігіттер қысымға төтеп беріп, мінез көрсетті. Кейін ойын тізгінін қайта қолға алып, жеңіске жеткізген төрт голды соқты.

Наверх