Клуб жаңалықтары

7 June, 16:24

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

«Шахтёр» футбол клубы Илья Буртовойдың жол-көлік оқиғасы салдарынан қайғылы қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдады. Ол небәрі 29 жаста еді.

Илья Қазақстан футболы мен футзалында өзіндік із қалдырған спортшы болды. Ол кәсіби футболдағы еңбек жолын 2015 жылы «Шахтёр-Булат» клубының жүйесінде бастап, кейін түрлі командалардың намысын абыроймен қорғады. 2026 жылғы маусымда Көкшетаудың «Елім-Ай» командасы сапында Қазақстан Кубогы мен Бірінші лига жарыстарында өнер көрсетті.

Көп жылдар бойы Илья үлкен футболмен қатар футзал мен шағын футболда да жарқын ойын өрнегін көрсетті. Ол Қарағандының «Прогресс» командасы құрамында Қазақстан Кубогында ойнап, сондай-ақ еліміздегі ең мықты әуесқой клубтардың бірі саналатын FC BIRLIK командасының көшбасшыларының бірі болды. 2025 жылы FC BIRLIK сапында Қазақстан атынан шағын футболдан әлем чемпионатына қатысты.

«Шахтёр» футбол клубының басшылығы, жаттықтырушылар құрамы, ойыншылары мен қызметкерлері атынан Илья Буртовойдың туған-туыстары мен жақындарына, достары мен командаластарына, сондай-ақ бүкіл спорт қауымдастығына қайғыра көңіл айтамыз.

Ильяның жарқын бейнесі мен есімі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Наверх