— Баршаңызды маңызды жеңіспен құттықтаймын! Бұл матч турнирлік кестедегі жағдай тұрғысынан аса маңызды болды. Бүгін ұпай жоғалтуға болмайтын. Жігіттерге алғысымды білдіремін. Олар ойын алдындағы барлық тапсырманы толық орындап, 2:0 есебімен лайықты жеңіске жетті.
Стандартты жағдайлардан гол соғып жүргеніміз қуантады. Бұл бағытта жаттығуларда арнайы жұмыс жүргізіп келеміз, соның нәтижесін бүгін көрдік.
«Тараздың» шабуылға көбірек шығатынын және ойын тізгінін өз қолына алуға тырысатынын білдік. Сондықтан әдейі бастаманы алаң иелеріне беріп, өз мүмкіндіктерімізді күттік. Қарсы шабуылдарымыз нәтижелі болып, жоспарымыз толық жүзеге асты.
Енді бар назарымыз келесі қарсыласымыз – «Оңтүстік» академиясына қарсы ойынға аударылады. Біз үшін әр матч маңызды, бірақ қазір осы кездесуге жан-жақты дайындалып жатырмыз. Бұл – турнирлік кестеде дәл біздің соңымыздан келе жатқан жақсы команда. Сондықтан алаңға тек жеңіс үшін шығамыз. Осы себепті Шымкентке ертерек келіп, ауа райына бейімделуді және алдағы өте маңызды матчқа сапалы дайындалуды жөн көрдік.

Тараз
Шахтёр

