— Ең алдымен, «Қайрат» командасына тартысты ойын үшін алғыс айтқым келеді. Бізде бұл матчқа арналған нақты ойын жоспары болды, жігіттер оны толық орындады. Әрине, өзімізге тән ойын мәнерінде өнер көрсеткіміз келді. Дегенмен бүгін ең бастысы – футболшылар бапкерлер штабы қойған барлық талаптарды орындады. Сол үшін оларға үлкен алғысымды білдіремін.
Менің ойымша, «Қайрат» секілді мықты қарсыласпен сырт алаңда тең түсу – командамыз үшін оң нәтиже. Әрине, әрбір футболшы да, әрбір бапкер де әр матчта жеңіске жетуді қалайды. Бірақ бүгінгі кездесудің қорытындысы – заңды тең нәтиже деп есептеймін.

Тараз
Шахтёр

