- Бүгінгі матч үшін «Каспий» командасына ерекше алғыс айтқым келеді. Сырт көзге бәрі оңай көрінуі мүмкін, алайда ойын біз ойлағандай жеңіл болған жоқ. Ойыншыларымыздың психологиялық дайындығына байланысты бірқатар қиындықтарға тап болдық.
Есепте 2:0 есебімен алға шығып, ойында толық басымдыққа ие болған сәтте жігіттер ойыннан сәл босаңсып кетті. Соның салдарынан өз қақпамызға гол жіберіп алдық. Нәтижесінде ойынның соңғы бөлігі шиеленісті жағдайда өтті. Дегенмен, бұл жағдайды реттей алдық.
Үзіліс кезінде қажетті түзетулер енгіздік. Екінші таймда ойын барысын толық бақылауымызға алып, басымдық таныттық.
«Каспий» - ойын жүйесі жақсы қалыптасқан команда. Бапкерлер штабы енгізіп жатқан ойын үлгілері мен тактикалық алгоритмдер анық байқалады. Команда өсіп, дамып келеді. Бұл - құрметке лайық жағдай.

Шахтёр
Академия Оңтүстік


