— Ең алдымен, баршаңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Салқын ауа райына қарамастан, жанкүйерлер стадионға келіп, команданы қолдады — оларға үлкен алғыс.
Ойынға келсек, алдыңғы кубоктық матчтан кейін бізде жағымсыз әсер қалған болатын. Сондықтан бүгін жігіттерді қосымша жігерлендірудің қажеті болмады — барлығы кездесудің маңызын және үш ұпай алудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Біз қарсыласты жан-жақты талдадық, және жаттығуларда пысықтаған, ойын алдындағы нұсқауда айтылған дүниелердің барлығы алаңда орындалды.
Дегенмен, әлі де жақсартуды қажет ететін тұстар бар. Осынша көп голдық мүмкіндіктер жасай отырып, олардың жүзеге асу деңгейі жоғарырақ болғанын қалаймыз. Бұл бағытта жұмыс жалғасады, әрдайым дамитын тұстар бар.
Жігіттерге ризамын — барлығы жақсы ойнап, жеңіске лайық болды.
Біздің алдымызда нақты міндет тұр — әр матчта жеңіске жету. Мұны барлық футболшылар түсінеді. Алда келесі ойын бар, оған дайындаламыз, қарсыласты зерттейміз және алаңның жабындысы сияқты ерекшеліктерді ескереміз. Қазір ең бастысы — осы ойыннан кейін дұрыс қалпына келу.
Жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Біз олардың қолдауын сезінеміз. Көп нәрсе өзімізге байланысты: нәтиже болса — стадионға келетін жанкүйерлер саны да арта түседі.

Шахтёр
Экибастуз
