QJ League IX туры аясында «Шахтер» U-18 футболшылары өз алаңында қызылорданың «Қайсар» U-18 командасымен кездесті. Матч 5:0 есебімен «кеншілердің» пайдасына аяқталды. «Шахтер» U-18 құрамында гол соққандар: Илья Гезик (18’), Найман Сатенов (20’), Глеб Макридов (33’, 34’) және Мирас Куат (59’). Келесі ойынды «Шахтер» U-18 12 шілде күні Қарағандыда «Тобыл» U-18 командасымен өткізеді.