Жаңалықтары академия

16 August, 21:49

«ШАХТЕР» U-18 КОМАНДАСЫНЫҢ ІРІ ЖЕҢІСІ

QJ League чемпионатының 15-туры аясында «Шахтер» U-18 командасы өз алаңында «Ақтөбе» U-18 командасын қабылдады. Кездесу «кеншілердің» 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

«Шахтердің» негізгі құрамында Алихан Шайзада, Мейірлан Балтабаев, Жәнібек Жайлаубек, Нұрхан Қағазбаев, Дамир Юсупбеков, Айбатолла Шулаков (к), Артем Алексеев, Данил Литвиненко, Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Илья Гезик алаңға шықты.

Есеп 7-минутта ашылды. Александр Яковлевтің айып добынан кейінгі әдемі добын «Ақтөбе» қорғаушысы Алимжан Таженов өз қақпасына бағыттап жіберді.

62-минутта Айбатолла Шулаков Дигдар Омаровтың нәтижелі пасын пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Ал 68-минутта Александр Яковлев матчтағы соңғы нүктені қойып, «Шахтердің» 3:0 есебіндегі жеңісін бекітті.

Осылайша, «Шахтер» U-18 командасы QJ League чемпионатындағы кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.

 

Наверх