Клуб жаңалықтары

28 March, 14:15

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ: «ШАХТЕР» – БІЗДІҢ ӨҢІРДІҢ МІНЕЗІ, БҰЛ ЕҢБЕК ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР»

Презентацияда «Шахтер» футбол клубының болашағына стратегиялық көзқарас бар екенін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев атап өтті.

Құрметті қарағандылықтар!
Қадірлі футбол жанкүйерлері!

Біз «Шахтер» футбол клубының тарихындағы жаңа кезеңнің маңызды оқиғасына куә болып отырмыз.

Қарағандылықтар үшін «Шахтер» клубының әр жетістігінің маңызы зор. Дәл осы командада көрнекті ойыншылар өсіп-өнді, айтулы жеңістердің тарихи беттері жазылды.
«Шахтер» – біздің өңірдің мінезі, бұл еңбек пен табандылық және жеңіске деген жігер. Дәл осы жерде үздік ойыншылар өсіп шықты, осында жарқын жеңістердің тарихы жазылды.
Бірақ біз шындықты мойындаймыз: соңғы жылдар клуб үшін үлкен сынақ болды. Еңдігі «Шахтердің» даму жолы жаңа серпін алып жатқаны ерекше маңызды.

Ең бастысы – тұтас экожүйе қалыптасып жатыр: мектеп жобаларынан және аула футболынан бастап, кәсіби командаға дейін.
Бұл дегеніміз, біздің өңірдегі әрбір талантты бала үшін ауладағы алғашқы доп тебуден бастап, үлкен футболға дейінгі жолдан өтуге жақсы мүмкіндік бар.

Облыстың міндеті – осы бағытты қолдау. Футбол әрбір қала мен ауданда қолжетімді болуы үшін жағдай жасау, стадиондар мен алаңдарды жастар үшін тартымды орталыққа айналдыру.

Құрметті ойыншылар! 
Бүгін сіздер алаңға жай ғана команда ретінде емес – жаңарудың, үміттің және Қарағанды футболының болашағының символы ретінде шығасыздар. Өздеріңізге сеніңіздер, мінезбен ойнаңыздар және ұмытпаңыздар: сіздердің арттарыңызда – тұтас облыс тұр.

Наверх