Клуб жаңалықтары

15 October, 16:54

АНДРЕЙ ФИНОНЧЕНКО, «ШАХТЁР» ФК БАС БАПКЕРІ:

«Баршаңызды чемпиондықпен құттықтаймын! «Шахтёр» өзі лайықты орында - Премьер-лигаға қайта оралып отыр. Біз маусымға қойылған міндетті орындадық: Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алып, алтын медальдарға қол жеткіздік.

Қазір клуб жүйесіндегі жас футболшыларға көбірек көңіл бөліп, олардың ойын барысындағы мүмкіндіктерін тексеруге мүмкіндік туып отыр. Сондықтан Түркістанның «Тұран» командасына қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа әдеттегіден көбірек жас ойыншыны алып бардық. Оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бергіміз келеді.

Соңғы уақытта клубта жас резервті даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Басшылық ұзақ мерзімді даму бағытын ұстанып, балалар мен жасөспірімдер командаларынан бастап негізгі құрамға дейінгі жүйелі жолды қалыптастыруда. Академиямызда әлеуеті зор, талпынысы жоғары, дамуға ұмтылатын талантты жастар өсіп келеді.

Біз өз жас футболшыларымызға сенеміз. Олардың ойын тәжірибесін жинақтап, үздік қасиеттерін көрсетіп, ересектер футболында шыңдалғанын қалаймыз. Сенімді түрде айта аламын: мұндай матчтар жас ойыншылардың кәсіби тұрғыдан дамуына, жаңа қадам жасауына және негізгі құрамға жақындай түсуіне үлкен мүмкіндік береді».

 

Наверх