Клуб жаңалықтары

4 June, 15:50

АНДРЕЙ УЛЬШИН – «ШАХТЕР» ОЙЫНШЫСЫ!

Қазақстандық жартылай қорғаушы Андрей Ульшин «Шахтёр» футбол клубының қатарына қосылды. Тараптар 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды.  

Андрей – «Қайрат» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында «Қайрат», «Қызылжар» және «Жеңіс» клубтарының намысын қорғап, Қазақстан Премьер-лигасында мол тәжірибе жинады. «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті.

Біздің клуб ойыншыны елордалық «Жеңіс» клубынан трансфер арқылы қатарға қосты. Биылғы маусымда Андрей «Жеңіс» сапында төрт матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.

Наверх