Өткен маусымда Арман 26 матч өткізіп, 12 гол соғып, команданың шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың біріне айналды. Кеше өткен «Газалкентке» қарсы кездесуде де ол мергендігімен көзге түсіп, қарсылас қақпасына гол соқты.
— «Шахтерге» қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Маған сенім артқан басшылық пен бапкерлер құрамына алғысымды білдіремін. Алдағы маусымда қойылған мақсаттарға жету үшін бар күшімді саламын. Сондай-ақ «Шахтердің» жанкүйерлеріне қолдауы үшін ерекше рақмет айтқым келеді. Өз тарихы бар клубтың намысын қорғау — мен үшін үлкен мәртебе, — деді Арман Нүсіп.
Арманға жаңа маусымда сәттілік, көп гол және «Шахтермен» бірге жарқын жеңістер тілейміз!

Шахтёр
Түркістан
