Клуб жаңалықтары

10 January, 21:30

«ШАХТЁР» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ СПОРТ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП АРСЕН ИНКАРБЕКОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Шахтёр» футбол клубы Инкарбеков Арсен Укибаевичтің клубымыздың спорт директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлайды.

Арсен Инкарбеков — қазақстандық футбол маманы, функционер және аналитик, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудың заманауи бағытын ұстанатын мамандардың бірі. Бұрын кәсіби футболшы болған ол, ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік, әдістемелік және басқарушылық қызметке ден қойды.

Арсен Укибаевич UEFA A бапкерлік лицензиясына ие, сондай-ақ кәсіби футбол клубтары мен ұлттық федерация құрылымдарында жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар. Ол Қазақстанда УЕФА бапкерлерді даярлау бағдарламаларын қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ жас футболшыларды дайындаудың жүйелі моделін құруға белсенді атсалысты.

«Шахтёрге» келгенге дейін Арсен Инкарбеков Freedom QJ League лигасының спорттық-аналитикалық бағытының жетекшісі қызметін атқарды. Бұл лауазымда ол спорттық аналитикаға, әдістемеге, ойыншыларды бағалау мен дамытуға, сондай-ақ еліміздегі бапкерлер мен футбол академияларымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты болды.

«Шахтёр» футбол клубы Арсен Инкарбековті жаңа қызметімен құттықтап, клубтың дамуы мен Қарағанды футболының өркендеуі жолындағы жұмысына сәттілік тілейді.

Наверх