— Команда Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Одан кейін ойыншыларға аз уақыт демалып, күш жинап алу үшін қысқа үзіліс берілді.
Қазіргі уақытта команда Астанада орналасқан, мұнда біз жаңа маусымға дайындықты жалғастырып жатырмыз. Маусымның басталуына көп уақыт қалған жоқ. Осы оқу-жаттығу жиындары аясында елордада 15 және 22 наурыз күндері екі бақылау матчын өткізу жоспарланған.
Одан кейін барша футбол жанкүйерлерін 26 наурыз күні Қарағандыда өтетін команданың таныстырылымына шақырамыз. Жанкүйерлерімізді, БАҚ өкілдерін және барлық ниет білдірушілерді күтеміз. Бұл қызықты кездесу болады. Кездесу барысында жанкүйерлер команда ойыншыларымен жақынырақ танысып, бізбен ашық әрі еркін форматта пікір алмаса алады деп сенемін. «Шахтерге» бейжай қарамайтын барлық жандармен ашық диалог орнатамыз деген үміттеміз.
Жаңа маусымды біз Алматыда «Қайрат-Жастар» командасына қарсы матчпен бастаймыз. Осы ойынның алдында Шымкентте қысқа дайындық кезеңін өткіземіз. Ал бірінші турдан кейін бірден Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы өтетін Кубок матчына дайындықты бастаймыз. Бұл ойын 9 сәуірге жоспарланған. Барлығы сәтті өтеді деп үміттенеміз: біз өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің қолдауымен ойнаймыз.
Команда алдында тек ең жоғары міндеттер қойылып отыр, біз өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге тырысамыз.
Қазіргі таңда жаттықтырушылар штабы мен команда құрамы толық қалыптасты. Бірқатар ойыншылар клубтан өзара келісім бойынша кетті, кейбірінің келісімшарттары аяқталды. Қазір құрам толық жасақталған. Алдағы маусымның оңай болмайтынын түсінеміз, өйткені командаға үлкен үміт артылып отыр. Дегенмен, біз бәрі ойдағыдай болады деп сенеміз.

Шахтёр
Түркістан
