Клуб жаңалықтары

2 November, 23:56

АРТЁМ ЛИТОШ - ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ЛИГАСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ ЖӘНЕ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІ!

KFF Awards 2026 салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Бірінші лигасының 2026 жылғы маусымының қорытындысы шығарылды. Қарағандылық «Шахтердің» ойыншысы Артём Литош бірден екі жеке марапатқа ие болды.

21 жастағы футболшы маусым қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысы және үздік сұрмергені атанды.

2026 жылғы чемпионатта Артём жоғары нәтижелілік көрсетіп, қарсыластар қақпасына 24 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Артёмді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! «Шахтер» сапында жаңа жетістіктерге жетіп, жанкүйерлерді әдемі ойындарымен және голдарымен қуанта беруіне тілектеспіз!

Наверх