— Айтар сөз табу қиын — жеңісті өзіміз уысымыздан шығарып алдық. Қорытынды нәтиже үшін өте өкінішті. Алаңда бар күшімізді салып ойнадық, бірақ бұл жеткіліксіз болды.
Физикалық тұрғыдан команда жақсы дайын болды. Алайда есеп 2:0 болған сәтте психологиялық қысым пайда болып, біз соған төтеп бере алмадық. Өз қақпамызға қарай шегініп, бастаманы қарсыласқа беріп қойдық. Екінші таймда «Оқжетпес» сапынан тәжірибелі ойыншылар алаңға шығып, ойынды қайта құра алды. Алғашқы жіберіп алған голдан кейін қателіктер көбейіп, бұл ойын барысына әсер етті.
Бұл матчтың нәтижесіне тоқталып қалмаймыз. Біздің басты мақсатымыз — Қазақстан Премьер-лигасына шығу. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жанкүйерлерді Екібастұздың «Батыр» командасына қарсы өтетін келесі матчқа шақырамын.

Шахтёр
Экибастуз
Окжетпес
