Оған дейін жас жартылай қорғаушы «Шахтёрдің» жастар құрамасында алты, ал жасөспірімдер командасында екі матчқа қатысқан болатын.
Еске салайық, Нұралы «Шахтёр» сапына биыл «Мақтаарал» клубынан ауысып келді. 2025 жылғы маусымда ол «Мақтаарал» құрамында Екінші лигада 15 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды. «Мустанг» футбол клубының түлегі саналатын жартылай қорғаушы Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының намысын да қорғап жүр.
Нұралыны 17 жасқа толуымен және негізгі құрамдағы дебютімен құттықтаймыз! Алда талай жарқын жеңістер, сәтті ойындар мен үлкен жетістіктер күтеміз. Денсаулық, қажыр-қайрат және футболдағы биік белестер тілейміз!

Хан-Тәңірі
Шахтёр

