Қазақстанның рәміздері бүкіл әлемге танымал, бұл өз елі үшін мақтаныш сезімін тудырады. Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тиіс. 400 тәрбиеленуші айналысатын «Шахтер» футбол орталығының міндеті болашақ кәсіби футболшыларды даярлау ғана емес, сонымен қатар жастардың бойында біздің елімізге, оның бай тарихы мен ұлы тұлғаларына деген патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылады. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында «Шахтер» футбол орталығының тәрбиеленушілері футбол алаңында Қазақстанның әнұранын орындады.