Қарағанды командасының негізгі құрамында Игорь Шацкий (к), Александр Мигунов, Қасымжан Таипов, Нұралы Азатқазы, Руслан Белобородый, Андрей Ульшин, Лев Скворцов, Диас Қалыбаев, Рафаиль Оспанов, Арман Нүсіп және Рифат Нұрмұғамет алаңға шықты.
Матч бойы «Шахтер» ойын тізгінін өз қолында ұстап, қарсылас қақпасына үздіксіз шабуыл ұйымдастырды. «Каспий» футболшылары қорғаныста сауатты ойнап, ұзақ уақыт бойы алаң иелеріне есеп ашуға мүмкіндік берген жоқ.
Кездесудің тағдырын 89-минутта Андрей Ульшиннің дәл соққысы шешті. Оның голы «Шахтерге» жеңіс сыйлады.
Осылайша, қарағандылық клуб қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізіп, жеңісті сериясын жалғастырып келеді.


Шахтёр
Каспий М
Тобыл М


