«Жаттығу жиындары өте жақсы өтуде. Физикалық дайындыққа көп көңіл бөліп жатырмыз, тактикалық жұмыстар да жеткілікті. Бүгін бізді мықты қарсылас күтіп тұр — „Велес“ командасы. Жолдастық кездесулерде нәтиже бірінші орында емес, бастысы — бапкерлік штабқа қажетті материал беру, команданың жалпы жағдайын көру, тактикалық қателіктерді талдап, маусымға барынша жақсы дайындалу. Алдағы маусымда алдымызға ең жоғары мақсаттар қойып отырмыз».
«Жанкүйерлерімізге үлкен алғыс айтқым келеді. Олар әр матчта, тіпті қиын сәттерде де бізді қолдап, соңына дейін бірге болады. Осындай қолдау үшін өте ризамын және жаңа маусымда оларды қуанта аламыз деп сенемін».
«Жаңа басшылықтың келуімен клубта көп нәрсе оң бағытта өзгерді. Бізге маусымға сапалы әрі кәсіби дайындалу үшін барлық жағдай жасалып отыр. Бұл команданың дамуы үшін өте маңызды. Осындай тәжірибе жалпы қазақстандық футболға да пайдалы болады деп ойлаймын, егер клубтар жеке басқаруға берілсе».
«Клубта қолайлы атмосфера қалыптасты. Қысқа уақыт ішінде команда біртұтас ұжымға айналды. Құрамда жас ойыншылар да, тәжірибелі футболшылар да бар. Жас ойыншыларға мүмкіндік беру өте маңызды — олар біздің болашағымыз. Жастар мен тәжірибенің үйлесімі әрдайым оң нәтиже береді».

Шахтёр
Түркістан



