«Селекциялық жұмыс — жыл бойы үздіксіз жүргізілетін процесс. Команда — тірі ағза: біреу жарақат алуы мүмкін немесе белгілі бір себептермен ұжымнан кетуі ықтимал. Жаңа ойыншылардың келуі де заңды. Бәсеке әрдайым болады — мықты футболшылар команда құрамын үнемі толықтырып отырады».
Дмитрий Алексеевич алдағы оқу-жаттығу жиындары туралы:
«Бүгін біз Түркияға келдік. Ауа райы сәл салқындау болғанымен, барлығының көңіл-күйі көтеріңкі — көптен күткен оқу-жаттығу жиындары басталды. Бұл жиындардың негізгі мақсаты — маусымға жүйелі түрде дайындалу. Шымкентте селекциялық-таныстыру кезеңінде басталған жұмыс осында өз жалғасын табады. Біз ойыншылармен жеке-жеке танысуды жалғастырамыз. Негізгі назар физикалық дайындыққа аударылады, сонымен қатар техникалық-тактикалық жұмыстар, күштік дайындық, жалпы төзімділік пен тактикалық өзара іс-қимылдар қатар жүргізіледі.
Бізбен бірге жақынырақ танысатын жас ойыншылар тобы да келді. Бұл — ерекше үміт артылатын жастар. Атап айтқанда, командамен бірге жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Али Акылбаев және QJ League-дегі ойынымен танымал, өткен маусым қорытындысы бойынша турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі атанған Глеб Макридов бар».
Дмитрий Алексеевич маусымға одан әрі дайындық туралы:
«Маусым басталғанға дейін Түркияда тағы екі оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, маусымның басталу мерзіміне байланысты Астана немесе Шымкент қаласында қысқамерзімді жиын өткізуіміз мүмкін».

Шахтёр
Түркістан



