Клуб жаңалықтары

20 July, 12:38

ҚОШ КЕЛДІҢ, КСЕНИЯ!

«Шахтер» әйелдер командасы жаңа ойыншымен толықты — Ксения Карпова.

Ксения Карпова 1997 жылдың 17 қазанында Витебск қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын «Витебск» футбол клубында бастап, аталған команда сапында 70-тен астам матч өткізді. 2023 жылы орталық қорғаушы «Днепр-Могилев» әйелдер футбол клубының қатарына қосылды. Ал 2026 жылдан бастап «Нафтан-Новополоцк» ЖФК құрамында өнер көрсетті.

Енді Ксения «Шахтердің» намысын қорғайтын болады.

Ксения, командамызға қош келдің! Саған сенімді ойын, жарқын жеңістер, жаңа жетістіктер және «Шахтер» сапындағы сәтті өнер көрсетуді тілейміз!

Наверх