«Шахтер» U-21 командасының бастапқы құрамы:
Маратов А., Жанхаев Р. (к), Дильмурат Мир., Шымырхан С., Комиков М., Сакенов Т., Сатжанов К., Макридов Г., Белобородый Р., Таханов Д., Дильмурат Ман.
«Кеншілер» кездесуді белсенді бастап, алғашқы минутта-ақ Тагир Сакенов алыстан соққы жасап, шабуылдағы ниетін көрсетті. Алайда көп ұзамай алаң иелері қарсы шабуылды сәтті пайдаланып, 3-минутта Бакберген Кудаберген есеп ашты.
Жіберіп алған голдан кейін Максим Самченко шәкірттері ойын тізгінін толық өз қолдарына алып, үзіліске дейін қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Өз кезегінде “Жетысу” Ж ойыншылары дөрекі әрекеттерімен көзге түсіп, бірінші таймда екі рет алаңнан қуылды. Соған қарамастан, үзіліске командалар алаң иелерінің аз ғана басымдығымен кетті.
Кездесудегі бетбұрыс екінші таймда алаңға шыққан Глеб Олейник есімімен байланысты болды. Ол 52-минутта есепті теңестіріп, шабуылды сәтті аяқтады.
60-минутта «Шахтер» пенальти орындау мүмкіндігіне ие болды, алайда Мирас Дильмурат допты қақпа бағанасына тигізді. Араға үш минут салып, қонақтар тағы да пенальти тепті: Даниял Тахановтың соққысын қақпашы қайтарғанымен, допқа бірінші жеткен Олейник дубль авторы атанып, есепті 2:1-ге жеткізді.
Осыдан кейін «кеншілер» басымдықтарын арттыра түсті. 72-минутта Максим Комиков мергендігімен көзге түсті. Ал алаңға қосалқы құрамнан шыққан Мирас Куат 84-минутта алыстан әдемі гол соқты. Қосымша уақытта Даниял Таханов айып соққысын дәл орындап, матчтың нүктесін қойды.
Қорытынды есеп — 5:1, “Шахтер” Ж командасының сенімді жеңісі.
Ірі есепке қарамастан, Артур Егоров ойынын ерекше атап өткен жөн — ол бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып қалды.
Бұл — маусым басындағы екінші жеңіс. Бұған дейін бірінші турда «Шахтер» Ж сырт алаңда көкшетаулық «Окжетпес» Ж командасын да 5:1 есебімен ұтқан болатын.

Шахтёр
Экибастуз
