Жаңалықтары академия

2 May, 18:17

КАПИТАН РАСУЛ АКИМОВТЫҢ ДУБЛІ

QJ League III туры аясында «Шахтер» U-18 командасы өз алаңында елордалық «Астана» U-18 ұжымын 2:0 есебімен жеңді.

«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға шыққандар: Байжан Асхат, Меирлан Балтабаев, Данил Золкин, Жанибек Жайлаубек, Нурхан Кагазбаев, Дамир Юсупбеков, Расул Акимов (к), Даниял Назаров, Рустам Сайфимилюков, Рустам Юсупов, Илья Гезик.

Бірінші тайм қонақтардың басымдығымен өтті, олардың шабуылдары анағұрлым қауіпті болды. «Шахтердің» ең қауіпті сәті тайм соңында тіркелді: Жанибек Жайлаубектің баспен орындаған соққысынан кейін допты «Астана» қорғаушылары қақпа сызығынан шығарып үлгерді. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші таймда да қонақтар белсенді ойынын жалғастырып, бірнеше эпизодта алаң иелерінің қақпашысы Байжан Асхат ойынға араласып, сенімді өнер көрсетті.

55-минутта «Шахтер» U-18 сәтті қарсы шабуыл ұйымдастырып, оны команда капитаны Расул Акимов баспен соққан голымен аяқтады. 67-минутта қонақтардың айып алаңында Илья Гезикке қарсы ереже бұзылып, төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді Расул Акимов сәтті орындап, дубль авторы атанды — 2:0.

Осылайша, Игорь Солошенко шәкірттері чемпионаттағы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Наверх