Жаңалықтары академия

31 March, 09:49

ЕРБОЛ МУСАБАЕВ — «ШАХТЕР» ФК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КООРДИНАТОРЫ

Ербол Дүйсенбайұлы селекциялық жұмысты үйлестірумен, жаттығу процесін сүйемелдеумен және бапкерлер штабына әдістемелік қолдау көрсетумен айналысады. 

Оның басты міндеті — Академия командаларын дамыту және маусымға қойылған негізгі мақсаттарды орындау.

Бұған дейін Ербол Мусабаев елордалық «Астана» клубының жүйесінде жұмыс істеп, U-18 командасын жаттықтырған.

Ербол Дүйсенбайұлына сәттілік тілейміз және қойылған мақсаттарға жетуіне тілектеспіз!

Наверх