Қызметтік жұмысының тығыздығына қарамастан, ол бұл кешті басқаша өткізе алар еді. Алайда командамен бірге болып, мыңдаған қарағандылықпен бір толқында қуаныш пен толқынысты бөлісуді, ең маңызды матчта «Шахтерге» қолдау көрсетуді таңдады. Осындай істер спорттың адамдарды біріктіретінін дәлелдеп, жастарға туған жерін сүюдің, өз командасын қолдаудың және ел өміріне бейжай қарамаудың жарқын үлгісін көрсетеді.



