Негізгі құрам ойыншылары Александр Мигунов, Роман Асылбаев және Максим Галкин клуб Академиясының тәрбиеленушілері Рустам Сайфимилюков, Дигдар Омаров, Александр Яковлев және Рустам Юсуповпен бірге мектеп-интернатқа барып, балалармен әңгімелесті, олардың сұрақтарына жауап беріп, естелік сыйлықтар табыстады.

Мерекелік шараның жалғасы «Шахтёр» стадионында өтті. Мұнда балаларды ең қызықты сәт – клуб футболшыларымен бірге өткен достық матч күтіп тұрды. Кездесу көтеріңкі көңіл-күйде және достық атмосферада өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер мен шаттық сыйлады.
Матч аяқталғаннан кейін балаларға балмұздақ ұсынылды. Сонымен қатар «Асем» мектеп-интернатына екі ноутбук, 20 футбол добы және «Шахтёр» ФК-ның брендтік жейдесі табысталды.

Әлеуметтік жауапкершілік пен өскелең ұрпақты қолдау клуб қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Freedom Holding Corp. қолдауының арқасында «Шахтёр» футбол клубының жобаларының бірі «Асем» мектеп-интернатымен тығыз қарым-қатынас орнатып, балаларға қамқорлық пен қолдауды сезіндіретін осындай игі шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.
«Шахтёр» футбол клубы футболдың адамдарды біріктіріп, шабыттандырып, үміт сыйлай алатынына сенеді. Ал балалардың қуанышты күлкісі – осы жұмыстың ең үлкен марапаты.


Шахтёр
Елимай Ж
