Клуб жаңалықтары

1 October, 21:23

«ШАХТЁР» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ПАНСИОНАТ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Шахтёр» U-18 командасының ойыншылары Айболтала Шулаков, Асанали Искендиров, Байжан Асхат және Даниал Амантай, клуб амбассадоры Темирлан Орынбаевпен бірге «Забота» пансионатына барды.

Халықаралық қарттар күніне орай футболшылар пансионат тұрғындарын мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жақындарының жылуын тіледі.

Өздерімен бірге пансионат тұрғындарына азық-түлік себеттері мен түрлі тәттілер алып барды.

Құттықтау сөзін «Шахтёр» U-18 командасының капитаны Айболтала Шулаков пен клуб амбассадоры Темирлан Орынбаев сөйледі.

 

Наверх