
Теміртау қаласындағы жазғы демалыс алаңында ұйымдастырылған жолдастық матчтың қорытындысы бойынша Глеб Макридов бастаған команда жеңіске жетті.
Шара барысында барлық қатысушылар еркін қарым-қатынас жасап, әсерлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер балалардың футболға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға жаңа таныстықтар мен жағымды эмоциялар сыйлады.

Шара қорытындысы бойынша «Шахтер» футбол клубының медиадиректоры Бекежан Ардақұлы клуб үшін әлеуметтік бағыттағы жұмыстардың маңызын атап өтті:
«Балаларға қуаныш сыйлап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру – біз үшін маңызды міндеттердің бірі. Осындай кездесулер жасөспірімдерге шабыт беріп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайтады. «Шахтер» футбол клубы үшін әлеуметтік бағыттағы жұмыстар маңызды орын алады. Сондықтан біз бұған дейін де осындай игі шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келгенбіз және алдағы уақытта да бұл бастаманы жалғастыра береміз».


Шахтёр
Елимай Ж

