Клуб жаңалықтары

7 September, 18:40

«ШАХТЕР» W ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ «ЕЛІМАЙ» W КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

Қазақстан әйелдер лигасының соңғы турында «Шахтер» W командасы Семейдің «Елімай» W командасына қарсы сырт алаңда ойын өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Шахтер» W командасының негізгі құрамында алаңға Арина Тихонова, Камила Маммадова, Айтурған Құрманбекова, Ксения Карпова, Александра Набокова, Адеми Өміртай, Ругая Гаджиева, Диана Жақсыбекова, Айсана Зекен, Айкуним Рысбекова және Малика Сәрсен шықты.

Кездесудегі жалғыз гол 35-минутта соғылды. Бұрыштама добынан кейін Айтурған Құрманбекова дәлдік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Наверх