Клуб жаңалықтары

23 March, 15:44

ГЛЕБ МАКРИДОВ МАДРИДКЕ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА АТТАНДЫ

«Шахтердің» 19 жастағы жартылай қорғаушы Глеб Макридов Испания астанасына келді. Ол мадридтік «Атлетико» академиясында бір апталық оқу-жаттығу жиынынан өтеді.

Бұл сапар QJ League-да өткен маусымдағы табысты өнері үшін берілген марапат болды. Тағылымдама QJ League ойыншыларын халықаралық деңгейде дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Өткен маусым Глеб үшін шын мәнінде жемісті болды. Ол «Шахтер» сапында 19 матч өткізіп, 19 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Макридов лига тарихында ең көп ойнаған минут саны (4 502) және нәтижелі әрекеттер саны (39) бойынша рекорд орнатты.

Маусымаралық кезеңде Глеб «Шахтердің» негізгі құрамымен бірге жаттығып, жолдастық кездесулерде екі голдың авторы атанды.

Глебке тағылымдамадан сәтті өтіп, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

Наверх