Қарағандылық команданың негізгі құрамында Игорь Шацкий (к), Дәулет Зайнетдинов, Қасымжан Тайыпов, Нұрали Азатказы, Марк Богачев, Данила Васильченко, Андрей Ульшин, Лев Скворцов, Мирас Көбеев, Диас Қалыбаев және Артем Литош алаңға шықты.
Матч Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтті. Кездесу бойы «Шахтер» бастаманы өз қолында ұстап, қарсыластың қақпасына үнемі қысым жасап отырды.
28 және 29-минуттарда Артем Литош араға небәрі бір минут салып, екі гол соқты. 51-минутта Диас Қалыбаев есепті ұлғайтса, 61-минутта Литош хет-тригінің авторы атанды.
70-минутта Қасымжан Тайыпов мергендік танытса, екі минуттан кейін Диас Қалыбаев дубль жасады. Ал алаң иелері 79-минутта бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Бұл жеңіс «Шахтердің» қатарынан алған 11-жеңісі болды. Андрей Финонченко шәкірттері Бірінші лигадағы көшбасшылығын жалғастыруда.


Ақтобе Жас
Шахтёр
Каспий М


