Жаңалықтары академия

2 August, 19:02

ИГОРЬ МАШТАКОВ: «ӘРБІР ОЙЫНШЫ БҮГІН БАРЫН САЛДЫ»

– «Ертіс» командасын жеңісімен және лайықты үш ұпайымен құттықтаймын. Өз футболшыларыма үлкен алғыс айтқым келеді. Бүгін әрқайсысы алаңда бар күш-жігерін салды.

Қарсылас – допты бақылап, ойын тізгінін өз қолында ұстауды жақсы көретін мықты команда. Біз мұны алдын ала білдік, сондықтан бастаманы әдейі қарсыласқа беріп, өтпелі фазалар мен жылдам қарсы шабуылдарға басымдық жасадық.

Жіберіп алған голға қатысты эпизодты талқыламаймын. Ең алдымен өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, гол соғуымыз керек еді. Өкінішке қарай, бүгін мұны жүзеге асыра алмадық.

Наверх