- Ең алдымен, әр матчта бізді қолдап жүрген жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді. Олар кез келген уақытта, кез келген ауа райында стадионға келіп, бізге қолдау көрсетеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз.
Сондай-ақ қарсылас командаға да алғысымды білдіремін. «Ертіспен» ойнау әрдайым қызықты. Әр кездесу тактикалық жағынан да, функционалдық тұрғыдан да тартысты өтеді.
Бүгін жігіттер бар күш-жігерін салды. Матч алдында жарақаттарға байланысты құрамда белгілі бір қиындықтар болды. Соның салдарынан кейбір футболшылар өздеріне үйреншікті емес позицияларда өнер көрсетуге мәжбүр болды. Соған қарамастан, олар өз міндеттерін жақсы атқарды.
Біз осы ойынға бір апта бойы дайындалып, матч жоспарын пысықтадық. Жігіттер бапкерлер штабының қойған тапсырмасын толық орындады. Қанаттан жасалған пастар мен айып алаңына бағытталған доп берулерде аздаған қателіктер болды. Алайда ойынға деген жанкештілігі, құрылған шабуылдар саны, комбинациялық ойын және тактикалық тапсырмаларды орындауы тұрғысынан командаға қояр ешқандай сұрақ жоқ.

Тобыл М
Шахтёр


