Клуб жаңалықтары

24 August, 16:16

«ШАХТЕР» КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ ШАХТЕРЛЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КЕНШІЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін «Шахтер» футбол клубының негізгі, жастар және U18 командалары Қарағандының тарихымен тығыз байланысты орындарға барып, жақындап келе жатқан Кеншілер күніне орай кеншілерді еске алуға арналған мемориалдық ескерткіштерге тағзым етті.

Қарағандыны кеншілерсіз елестету мүмкін емес. Көмір өндірісі – қаланың тарихы мен тағдырының ажырамас бөлігі. Бірнеше ұрпақ бойы кеншілер жер қойнауынан қара алтын өндіріп, қаланың дамуына, оның қалыптасуына және болашағына үлкен үлес қосты.

Бүгін алаңға шығатын «Шахтер» футболшылары өз командасының ғана емес, шахтерлер қаласының намысын қорғайды. Бізді біріктіретін ортақ тарих, ортақ құндылық және ортақ мақсат бар.

Кеншілердің ерлігі мен еңбегін ұмытпаймыз. Олардың рухына тағзым етеміз!

 

 

 

 

 

Наверх