Клуб жаңалықтары

16 March, 18:12

«ШАХТЕР» ОЙЫНШЫЛАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ U-19 ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫНА ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты бастады. Команданың оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтуде.

Жасөспірімдер ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Лабодовский оқу-жаттығу жиынына «Шахтер» ойыншылары — Али Акылбаев пен Даниял Назаровты шақырды.

Оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін Қазақстанның U-19 құрамасы Румынияға аттанып, Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне қатысады. 5-топта біздің команда Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездеседі.

Футболшыларымызға Қазақстан ұлттық құрамасы сапында сәтті ойын көрсетулеріне тілектеспіз!

Наверх