- Клубтың жаңа басшылығы жастар командасы үшін ерте басталған оқу-жаттығу жиындарын қолға алды. Бұл шешімді қалай бағалайсыз?
Андрей Юрьевич: Ең алдымен бізді Шымкент қаласына, «БИИК» базасына шығуға мүмкіндік берген клуб басшылығына алғыс айтқым келеді. Мұнда толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін барлық жағдай жасалған: дамыған спорттық инфрақұрылым, сапалы футбол алаңдары, қалпына келтіру шаралары, теориялық сабақтарға арналған бөлмелер, жақсы тамақтану. Бұл кезеңде жастарға ерекше көңіл бөлу маңызды — көптеген балалар жақында ғана QJ League маусымын аяқтады, сондықтан олардың жағдайын бірден бағалап, келесі даму кезеңіне дайындай аламыз.
- Желтоқсанда екінші оқу-жаттығу жиыны, ал Жаңа жылдан кейін қорытынды кезең өтетіні белгілі. Алда қандай жұмыс күтіп тұр? Маусымға дайындық стратегиясы қандай?
Андрей Юрьевич: Қараша айындағы жиында біз негізгі іріктеуді жүргіземіз — футболда әрқашан бәсекелестік бар, бұл қалыпты процесс. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша желтоқсандағы жиынға баратын 25 ойыншыдан тұратын тізім жасалады. Қаңтар айына қарай құрам толық жасақталып, біз дайындықтың маңызды аспектілеріне — футболшылардың физикалық жағдайына, тактикалық жұмысқа және өзара әрекеттесуіне тереңірек көңіл бөле аламыз. Жоспарда бақылау матчтары бар. Олар ойыншыларды нақты матч жағдайында бағалауға және қай бағытта жұмыс істеу қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Соның негізінде маусымға команда ең жақсы күйде келуі үшін дайындық бағдарламасын түзетеміз.
- Қазіргі оқу-жаттығу жиындарының ерекшелігі неде?
Андрей Юрьевич: Дайындық барысында үш бақылау матчы жоспарланған — «Ордабасы» Ж, «Оңтүстік Академиясына» қарсы және ішкі «екі жақты» ойын. Бұл жиындардың басты ерекшелігі — заманауи технологияларды қолдану. Ойын кезінде алаңға «ақылды камералар» орнатылады. Сол арқылы алынған мәліметтер футболшылардың физикалық жағдайын, пайдалық коэффициентін және ойын сапасын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әр ойыншының дайындығын объективті түрде талдап, команданы дамыту бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
- Сұхбат бергеніңіз үшін рақмет, алдағы дайындық кезеңінде табыс тілейміз!
Андрей Юрьевич: Рақмет!

Шахтёр
Түркістан



