Клуб жаңалықтары

21 March, 17:22

КИБЕР «ШАХТЕР» eKPL-ДА ОЙЫНЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қарағандылық «Шахтер» eKPL аясында кезекті матчын өткізіп, «Қайсар» командасымен кездесті.

Бұл ойын «кеншілер» сапындағы ойыншы Данияр «dan1k» Шарабадин үшін ерекше маңызға ие болды. Ол бұған дейін Қызылорда клубының намысын QJ League аясында қорғаған болатын.

Кездесу тартысты әрі нәтижелі өтіп, қарсыластар 6:6 есебімен тең тарқасты. Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» турнирдің басында қатарынан екі жеңіске жеткен еді.

Келесі ойынын «Шахтер» ертең «Қызылжар» командасына қарсы өткізеді.

Наверх