Жаңалықтары академия

18 June, 20:05

«ШАХТЕР» W КОМАНДАСЫ QJ LEAGUE W ТУРНИРІН СЕНІМДІ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ!

Қарағандылық «Шахтер» W командасы QJ League W турнирінің жаңа маусымын сәтті бастап, Қызылордада өткен матчта «Қайсар» W командасын сенімді түрде жеңді.

«Шахтер» W негізгі құрамында алаңға Айым Диханбай, Арина Ишутина, Диана Машрапова, Дарья Пряхина, Адэми Қалиева, Александра Хан, Мария Мамонтова, Милана Марченко, Зайлин Ерсаин, Дарья Зубенко және Полина Сафонова шықты.

«Шахтер» W сапындағы жаңа маусымның алғашқы голын Полина Сафонова соқты. Ол матчтың 8-минутында есеп ашты. 31-минутта Александра Хан пенальтиді дәл орындап, команда басымдығын арттырды.

Үзілістен кейін, 47-минутта Полина Сафонова дубль авторы атанса, араға екі минут салып Мария Мамонтова есеп айырмасын ұлғайтты.

Ал матчтың қорытынды нүктесін алаңға қосалқы құрамнан шыққан Дарья Мартьянова қойып, кездесудің соңғы есебін 5:1 етіп белгіледі.

Осылайша, «Шахтер» W командасы жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастап, қоржынына алғашқы үш ұпайын салды.

 

Наверх