Жаңалықтары академия

1 July, 10:24

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

QJ League чемпионатында өнер көрсететін «Шахтер» академиясының U-17 және U-18 командалары маусымдағы ең маңызды матчтардың біріне дайындықты бастады. 2 шілде күні Алматыда олар «Қайраттың» U-17 және U-18 командаларына қарсы алаңға шығады.  

Осы маңызды кездесулер қарсаңында Игорь Александрович Солошенко мен Рафаэль Ревкатович Хамидуллов жаттықтыратын командалар қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Шымкентке аттанды.

Алматыдағы матчтар табиғи көгалда өтетіндіктен, Академия басшылығы командаларға Шымкенттегі базада дайындық жүргізуге мүмкіндік жасады. Бұл футболшылардың табиғи алаңға бейімделуіне және жауапты ойындарға барынша сапалы дайындалуына ықпал етеді

 

Наверх